Елімізде медициналық техниканы тиімді сатып алу бойынша курстар өтті
ҰҒДСДРО медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша тыңдаушылардың төртінші легін шығарды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» базасында медициналық ұйымдардың өкілдерін медициналық техниканы тиімді жоспарлау мен сатып алу негіздеріне оқыту өткізілді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы негізгі бағыттардың бірі медициналық мекемелерді заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау болып табылады.
Бұл оқытуға еліміздің 9 өңірінен барлығы 25 адам қатысты.
Бір айдың ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, денсаулық сақтау объектілерін салудыы жоспарлау ерекшеліктері және басқалар бойынша толық ақпарат берілді
Оқытуды Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, «СҚ-Фармация» ЖШС және «Turar Healthcare» КеАҚ жоғары білікті сарапшы-практиктері жүргізді.
Сондай-ақ, оқу шеңберінде тыңдаушылар Астананың бірқатар жетекші медициналық ұйымдарына барды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасының, «University Medical Center» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының қызметімен танысты.
Сапар барысында мамандар пайдаланатын жаңа технологиялармен және озық жабдықтармен, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға және қызмет көрсетуге жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен танысуға мүмкіндік туды. Осы медициналық мекемелердің өкілдері қонақтармен соңғы медициналық техниканы пайдалана отырып пациенттерді емдеу және қолда бар жабдықтарды көрсету тәжірибелерімен бөлісті.
ҰҒДСДРО келесі оқу курсын ағымдағы жылдың қараша айында өткізуді жоспарлап отырғанын айта кету керек.