Жаңалық

Елімізде «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқау басталады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауы басталады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – бейнелеу өнері арқылы ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды насихаттау, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау.

Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбындағы пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрларындағы жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 8-24 ақпан аралығында жүзеге асырылады.

Марапаттау рәсімі және іріктелген жұмыстардың көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Байқау ережесімен мына сілтемеден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/762550?lang=kk

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button