Мақала

Еліміздегі негізгі туристік орындар қандай?!

Жер көлемі бойынша әлем картасында 9-орынды алатын Қазақстан Республикасының табиғаты да ерекше. Бүгінде Қазақстан туристер мен саяхатшылардың назарын аударып отырған, белсенді дамып келе жатқан туристік бағыттардың бірі. Қазіргі таңда елімізде мәдени, тарихи, сауықтыру бағытындағы туризм қарқын алуда. Шексіз далалар, таулар мен өзен, көлдер және тарихи ескерткіштер мен әсем табиғат шетелдіктерді ғана емес ел азаматтарын да тансандырудан жалыққан емес. Демалыс үшін, терең тарихпен танысу үшін келетін туристердің назарын аударып отырған аймақтар аз емес.

Баянауыл курорттық аймағы - республикамыздың ең көрікті, көздің жауын алатын жердің бірі. Бұл аймақтың негізгі бастауы 1926 жылдардағы казак станциасы құрылысынан басталған. Негізінен курорттық аймаққа жатады. Ал, 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ деген статусты алды. Бұл аймақтың табиғаты көптеген туристердің таңдайын қақтырады. Негізінен, бұл таулар солтүстік жақтан оңтүстік жаққа 20-25 шақырымға, батыстан шығыcқа 40-50 шақырымға дейін созылып жатыр.

Баянауыл тауларының ең биік нүктесі 1026 м биіктікте тұрған Ақбет тауы болып саналады. 450 шаршы шақырымды алып жатқан таулы-орманды оазистерінің ең негізгі ерекшеліктеріне жартастар мен Сабындыкөл мен Жасыбай,Торайғыр көлдерін жатқызуға болады. Атақты, әдемі жартастарына Кемпіртас, Найзатас жатады. Ал, Сабындыкөл ауданы 7,4 шаршы шақырымды қамтыса, Жасыбай көлінің ауданы 4 шаршы шақырымды алады. Сонымен қатар, Баянауыл курорттық аймағында Әулиетас және Драверда үңгірлері бар. Бұл үңгірлердің ішінде ең ерекшілігі Драверта үңгірі деп айтуға болады. Үңгірден тасқа жазылған түрлі жазуларды көруге болады. Одан бөлек түрлі тас шатқалдары мен Құмыра сарқырамасын көріп, туристер көзайым болып жатады. Көлдердің жағалауларында көптеген демалыс үйлері орналастырылған. Жыл сайын бұл аймақтарға жан жақтан мыңдаған турситер келіп, демалып кетеді.

Демалыс орындарының шет ел азаматтары үшін де, отандастарымыз үшін де ең танымалы – Бурабай демалыс аймағы. Көкшетау қыратында орналасқан Бурабай көлінің суы жұмсақ, мөлдір, тұп-тұнық. Дөңгелек көлемде орналасқан, түбі тегіс жатқан көлдің әр тасына дейін анық көруге болады. Бір қызығы, оңтүстік, солтүстік және батыс жағалауы граниттен болса, шығыс бөлігі құмдауытты болып қалады. Көлге ерекшелік беретін түрлі тастары мен жартас, жарқабақтар көздің жауын алып тұрады. Оқжетпес тауының тарихының өзі көптің назарын аудартатыны да жасырын емес.

Бұл аймақтың табиғатының өзі ерекше. Түрлі шипажайлар пен демалыс үйлері, қонақүйлер жан жағында көптеп орналасқан. Әсіресе, Астанаға келген қонақтар мен туристер Бурабай мен Көкшетау аймағын көріп, демалмай қайтпайды. Жастың да, кәрінің де көңілінен шығып, ерекше махаббатына ие болатын аймақтың ауасы, жол бойындағы көркем көрінісі кімнің де болсын жадында мәңгі қалып, әдемі естелікке айналары сөзсіз.

Тұғыры биік Түркістан қаласы да бүгінде туристер көз тіккен мекенге айналды.  Бүгінде Түркістан облысының әкімшілік орталығы болған қала «Түркі тілдес мемлекеттердің астанасы» атанып та үлгерді. Қала тарихы да тереңнен бастау алады. Іргетасы V-VI ғасырларда қаланып, бүгінге дейін талай естелік пен оқиғаларды басынан өткізіп, кәу болаып келеді. Соның бірі бүгінге дейін жеткен, көне тарихи мұраларымыздыңи бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесененің іргесін XIV ғасырда Асқақ Темірдің өзі қалаған. Бұл жерде қазақтың хандары мен сұлтандары, билері жерленген. Олардың қатарында Абылай хан, Есім хан, Қазыбек би, Тәуке хан, Бөгенбай батыр және Хақназар хан бар.

Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қала соңғы жылдары жаңғырып, түрлі туристік орындар бой көтерді. Түркістан жаңарып, аумағы жағынан кеңейіп, жаңа ғимараттар көптеп тұрғызылды. «Керуен сарай» ашылып, инвестициалық негізде түрлі сауда үйлері, қонақ үйлер мен демалыс орталықтары, ойын-cауық орталықтары ашылып жатыр. Тарих пен заманауи архитектура ұштасқан Түркістан көптеген туристердің келетін орындарының біріне айналуда. Тіпті, Түркістан туралы «екінші Мекке» деп сипатталып, ел аузында жиі айтылып жүр.

Қазақстанның мәдени астанасы саналатын Алматы қаласы да туристердің көп іздеп келетін мекендерінің бірі. Алматы облысы мен Алматы қаласын басқа аймақтардан ерекшелеп тұратыны – тауы мен табиғаты. 500 шақырымға созылып жатқан тау кластерінің аймағында Шымбұлақ, Алматау, Табаған,Тау парк, Лесная Сказка және Ақ бұлақ секілді курорттар мен базалар бар. Орташа есеппен алып қарағанда елімізге табан тірейтін туристердің шамамен 40 пайызына жуығы Алматыға келеді екен.

Қаладан 15 минуттық жерге шықсаң дала табиғатына, тау табиғатына тап болатындай керемет мүмкіндік алматалықтар үшін өте қолайлы. Тіпті, осы қаланы тұру үшін таңдайтын жандар үшін де бұл үлкен артықшылық ретінде қарастырылатыны анық.  Демалыс орындары мен түрлі курорттар, тау шаңғы базалары Алматы қаласында өте көп. Сондықтан да, Қазақстанның туристік негізгі аймақтарының бірі Алматы қаласы деп ауыз толтырып айтуға болады.

Соңғы жылдары Алакөл көптеген туристер үшін құшағын айқара ашып жатыр. Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан бұл көл  еліміздегі ең әдемі көлдердің бірі. 20 мың гектар аумақты алып жатқан көлдің емдік қасиеті бар. Сондықтан да денсаулығын ойлаған туристер осы көлге қарай ағылып жатады. Қырғызстандағы Ыстықкөлден Алакөл танымалдылығы жағынан тетелес келе жатыр деуге болады. Еліміздің тұрғындарынан бөлек арнайы Қазақстанға Алакөл үшін келетін туристердің қатары жыл санап артып келеді.

Тағы бір танымал көлдердің бірі – Балқаш. Көлемі бойынша Каспий және Арал теңіздерінен кейін тұратын бұл көл теңгіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Орналасқан жері Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарынің шегінде. Тарихты ақтарып қарар болса, Балқаш туралы ең алғашққы деректер 13 хасырдан бастап белгілі бола бастаған. Аралдары өте аз, Басарал мен Тасарал араладардың арасындағы ең танымал әрі көлімі жағынан үлкендері болып есептелінеді.

Шоқан Уәлихановтың өзі Балқашта әбден зерттеу жұмыстарын жүргізген. Жыл сайын күздің соңғы айларында көлге мұз қатып, ол көктемнің ортасына қарай ери бастайды. Ал, жаздың басында мұздықтар түгел еріп, су деңгейі де көтеріледі. Жартылай тұщы көл болып саналатын Балқашта 20 аса балық түрі кездеседі. Көбіне шомылу маусымынан бөлек, балық аулау үшін келетіндердің де қарасы қалың. Жылына 10 тоннадай балық ауланады екен.

Соңғы жылдары Маңғыстау облысының да туристік әлеуеті артып келеді. Қарт Каспийі бар маңғаз Маңғыстау мекені шет елдіктерді де өз табиғатымен баурай түсуде.Туризмді дамыту өңір үшін экономиканың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының  тапсырмасы негізінде біршама ірі жобалар жүзеге асырылуда. Маңғыстаудағы Бекет ата, Шақпақ ата, Шопан ата,Сұлтан ата, Масат ата секілді мешіттер мен жерасты естеліктеріне келетін туристердің легі азайған емес. Бозжыра бар, түрлі шатқалдар бар, олардың өзіне жасырған терең сырлы көріністері туристердің назарына ілікпей қоймайды. Жалпы, Маңғыстау түбегінде 11 000 тарихи, мәдени ескерткіштер бар. Ал, өңірде 161 турситік маршруттар мен жолдар бекітіліп, жұмыс істеуде. Өңірдің ресми деректері бойынша бұл жерге келетін шетелдік бір турист шығыны шамамен 111 000 теңге болады екен. Ал, ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша 2019-2022 жыл аралығында туристерге көрсетілген қызметтердің бағасы 20 млрд теңгеден асады екен.

Қазақстанда туризм саласы әлі де қарқынды дамуды талап ететін негізгі салалардың бірі. Қай жағынан алып қарасақ та, басқалардың назарын аудартатын, қызығушылық тудыратын артықшылықтарымыз көп-ақ. Біздің жоғарыда атап өткендеріміз туристік аймақтардың ішіндегі санаулы орындар ғана. Негізі, кез келген сұраныс пен қызығушылықты қанағаттандыра алатындай мүмкіндік көп.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button