Жаңалық Редакция таңдауы

Елорда ажарын айшықтай түскен - Хан Шатыр

Гиннесс рекордтар кітабына Қазақстанның атынан енген тағы бір жетістік – елордамызда орналасқан «Хан Шатыр» ойын-сауық кешені. Биіктігі 150 метрден асатын бұл ғимарат «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде тіркелген.

Хан Шатыр Орталық Азиядағы ең үлкен ойын-сауық және сауда орталығы, және әлемдегі шатыр іспетті ең биік ғимарат.

Хан Шатыр – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады. Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады.

Британдық Foster&Partners фирмасы жобалаған нысанның металл қаңқасы – 2300 тонна, биіктігі 150 метрді құрайды. Ал жалпы ауданы – 127 мың шаршы метр.

Нысан күн сәулесін өткізетін мөлдір шыныдан және полимерлі жабынмен бекітілген болат темір арқаннан құрас­тырылған. Арнайы химиялық құрам шатырдың кеңістігін температураның ауытқуынан қорғап, нысан ішіндегі микроклиматты сақтап тұрады. Осы және өзге де технологиялардың арқасында «Хан Шатыр» әлемдегі он эко-ғимараттың қатарына енді.

Бүгінде бүкіл сауда алаңы 6 мың шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы елордадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button