Жаңалық
Редакция таңдауы
Елорда кітапханаларында қазақ тілінен тегін курстарға қабылдау жүргізіледі
№12 бұқаралық кітапхана және Астана ОКЖ КММ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы «Руханият» КММ-мен бірлесіп, қазақ тілін үйрену бойынша тегін курстарға қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды Ruh.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz
Курстар 18 жастан асқан жаңадан офлайн форматта бастауыш және жалғастырушы деңгейлер бойынша өтеді.
Оқыту 1 ақпаннан басталады. Оны өтуге ниет білдірушілер өздерімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін алып баруы қажет. Сабақтар аптасына 2 рет, ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан өткізіледі.
Курстарға жазылу үшін мына мекенжайларға бару керек: Луи Пастер көшесі, 73, 10:00-ден 17:00-ге дейін (№12 көпшілік кітапхана), Бөгенбай батыр даңғылы, 52 (Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы).