Жаңалық
Редакция таңдауы
Елордада 5000-ға жуық жасыл желек отырғызылады
Астанада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды Ruh.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі
Сенбілік кезінде мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Жиналған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 500 000 шаршы метрді құрады. Экологиялық айлықтың басынан бері өткізіліп келе жатқан сенбіліктерде барлығы 5000-нан астам жасыл желек отырғызылды. Елорданың ҚТҚ полигонына 2500 тоннадан астам қоқыс шығарылды.