Жаңалық
Редакция таңдауы
Елордалықтар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Естелік іс-шара Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кірген күніне орай өтті, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі
Іс-шараны «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» ҚБ және елорданың Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
Гүл қою рәсіміне ардагерлер мен қаза тапқан сарбаздардың туыстары, Астана әкімдігінің басшылығы, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алып, құрмет көрсетті.
Қазіргі уақытта елордада 1200-ге жуық интернационалист-жауынгерлер тұрады.