Елордада этномедиация институтын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz
Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Қазақстанның барлық өңірлерінен этномедиаторлар мен этносаралық саладағы сарапшылар белсенді қатысты.
Кеңес отырысында Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында атап өткен этномедиация институтын дамыту және ІІІ Ұлттық Құрылтайдағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
Марат Әзілханов «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тұжырымдамасының жүзеге асырудағы міндеттерді ескере отырып, этномедиация институтын тиімді дамытудың және этномедиаторлардың сапалық жаңа пулын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ сарапшылар, оқу бағдарламаларын әзірлеушілер мен іске асырушылар, өңірлік этномедиация орталықтарының өкілдері үшін этномедиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде өңірлік деңгейде талқылау бойынша тақырыптық пікірталас алаңдары өткізілді.
Бұдан бөлек ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Достық үйлерінің жұмысын жетілдіру бойынша кеңес өткізді.