Жаңалық Редакция таңдауы

Елордада креативті индустрияны дамыту бойынша воркшоп бастау алды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада 3 күндік «Креативті Қазақстан – 2024» семинары өтуде, деп хабарлайды Ruh.kz.

Аталған іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастыруда.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан семинарда кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған бірқатар негізгі тақырыптар талқыланып, мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдері меңгерілмек.

Жиынның бірінші күнінде Мәдениет және ақпарат министрлігі өңірлермен бірлесіп атқарған іс-шаралар жоспары және креативті индустрияларды дамыту бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Әр өңірдегі саланы ынталандыру мен дамытуға бағытталған жоспар 21 тармақты қамтиды.

Сондай-ақ күн тәртібінде шығармашылық индустриялардағы экожүйені құру мәселелері, соңғы үлгідегі трендтер мен стратегиялар және көршілес елдердегі саланы дамыту тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық құралдарын қоса алғанда, креативті экономиканы ауқымды деңгейде дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, облыс орталықтарында креативті индустриялар орталықтарын ашу және жауапты өкілдерін қолдау туралы тиісті шаралар әзірленіп, жүзеге асырылып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button