Жаңалық

Елордада Мұқағалидың 90 жылдығына арналған қойылым сахналанады

9 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Музыкалық жас көрермен театры ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арнап, «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымының тұсауын кеседі деп хабарлайды Ruh.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Музыкалық жас көрермен театры ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арнап, «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымының тұсауын кеседі деп хабарлайды Ruh.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымына Мұқағали Мақатаевтың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндері негіз болған.

«Спектакль жырға іңкәр көрерменді руханият әлемімен тілдестіріп, олардың жүрегіндегі адами құндылықтарды байытып, оқылатын өлеңдердегі тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ поэзиясының ұлы тұлғаларының бірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын күшейтіп, сүйіспеншілік сезімін жандандырады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Қойылымның қоюшы-режиссері – Аман Ғұмаров. Мұқағали ақынның бейнесін театр актері Қазбек Есқара, оның досы Шәмілдің рөлін Ерназар Жаңатілек және Асқар Жұмабеков сомдайды. «Ғашық жүрек» спектілінің премьерасын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 9, 10 және 11 ақпанда тамашалай алады. Басталуы сағат 19:00-де.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button