Жаңалық
Редакция таңдауы
Елордада қарттар күніне орай флешмоб өтті
Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «1 қазан – Халықаралық қарттар» күніне арналған аудан зейнеткерлерінің қатысуымен «Денсаулық флешмобы» өтті, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі
Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен флешмобқа ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар өткізді.
Бұдан басқа, алдағы уақытта Есіл ауданы әкімінің аппараты тұрақты негізде теплоходпен сапарлармен қаланың көрікті жерлеріне баруды жоспарлап отыр.
Іс-шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар алғыс айтып, естелікке суретке түсті.