Жаңалық

Елордада сегізінші веломаусым басталады

Ертең елордада «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. 

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, ауа райының қолайлы болуына байланысты қызметті 15 сәуірде, яғни өткен жылға қарағанда 1 ай ерте іске қосу туралы шешім қабылданған. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанса қолжетімді болады.

Айта кетерлігі, веложабдықтың іске қосу-жөндеу жұмыстарының көлемі ауқымды болғандықтан бір мезгілде барлық 154 велостансаны іске қосуға мүмкін емес. Сол себепті жұмыс 3 кезеңде жүргізіледі. Алдымен Есіл ауданы бойынша 400 велосипед және 62 велостанса, одан кейін 23 сәуірге дейін Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандары бойынша қосымша 300 велосипед және 48 велостанса пайдалануға беріледі. Үшінші кезең 30 сәуірге дейін жалғасады.

Велостансалардың орналасқан жерін www.velobike.kz сайтынан көруге болады. Іске қосылған станса көк түспен белгіленеді.

«Қазақстанда алғаш рет велошеринг жүйесі елордамызда іске қосылды. 2014 жылы «Astana Bike» велостансалар желісінің ашылу рәсімі өтті. Бүгінде велосипед жалдау жүйесі үлкен танымалдылыққа ие. Жыл сайын пайдаланушылар саны артып келеді. Бүгінде олардың саны 14 мыңнан астам адамға жетті. Велосипедпен жүруді ұнататындардың саны одан әрі артады деп үміттенеміз. Автокөлік пен қоғамдық көлікке балама ретінде қала тұрғындарына экологиялық таза көліктің осы түрін таңдауға болады. Айта кетейік, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу 15 сәуірден сағат 9:00-ден бастап қолжетімді», – деді «City Transportation Systems» ЖШС-ның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

www.velobike.kz сайтында жүйеде онлайн-тіркелу рәсімінен кейін велошеринг қызметін пайдалануға болады. 16 жастан бастап қолдануға рұқсат. Велопрокат абонементтері www.velobike.kz сайтында және «City Transportation Systems» кассаларында қолжетімді.

Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді. Тарифтер өзгеріссіз.

Стандартты абонементтер: – айлық абонемент – 2 500 теңге; – тоқсандық абонемент – 6 000 теңге; – маусымдық абонемент – 10 000 теңге.

Жеңілдікті абонементтер: – тоқсандық абонемент – 3 000 теңге; – маусымдық абонемент – 5 000 теңге.

50 пайыздық жеңілдік растайтын құжаттарды ұсынылған жағдайда беріледі және тек тоқсандық және маусымдық абонементтерге қолданылады. 30 минутқа дейін велосипедті шектеусіз пайдалануға болады, бастысы – стандартты абонемент сатып алу. 30 минуттан артық жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:

– 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;

– 31-ден 60-қа дейін – 100 теңге;

– 61-ден 120-ға дейін – 250 теңге;

– 121-ден 180-ге дейін – 500 теңге;

– 181-ден бастап және әр келесі сағатқа – 1 000 теңге.

Тәуліктік абонементтер: – 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге; – 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге; – 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге. Тәуліктік абонементтер елорда қонақтары мен шетелдік туристерге арналады. Тәуліктік абонементтерге қол жеткізу үшін www.velobike.kz сайтында тіркелу қажет, жеке кабинетте банктік картаның көмегімен абоненттік төлем жасалады.

Сондай-ақ депозиттік кепіл енгізіледі – 37 500 теңге. Депозит – велосипедті стансағаға қайтарудың кепілі. Жалдау аяқталғаннан кейін нақты жүру сомасы есептен шығарылады және балансты шегеруді ескере отырып, кепілді онлайн-қайтару жүзеге асырылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button