Жаңалық Редакция таңдауы

Елордада тамыз айынан өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында тамыз айынан бастап өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осы күндері «Астана Арена» стадионының жанындағы көлік тұрағы аумағында жергілікті және өңірлік тауар өндірушілердің жәрмеңкесі демалыс күндері өткізіліп келеді. Ал жеке өңірлердің жәрмеңкесі тамыз айының басында басталады.

Өткен сенбі-жексенбіде аталған алаңда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, көтерме сатушылар өз өнімдерін ұсынды. Көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері, балық және бал арзан бағамен сатылды. Аграршылардың айтуынша, олардың құны жеткізу мен жол шығындарын ескере отырып құралады.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатамыз. Бұл қала тұрғындарына уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауа-райы жағдайы жәрмеңкеге баруға әсер етпейді. Негізінен, түскі уақытта халықтың көптеп жиналатынын байқауға болады», – деді сатушы Малджуда Самадова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button