Жаңалық Редакция таңдауы

Елордада терроризмнің алдын алу бойынша арнайы іс-шара өтті

Фото: Астана әкімдігі

Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы акция өтті, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл акцияны Астана қаласының Дін істері басқармасы, Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының әкімдіктері мен «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды.

Арнайы акция барысында елордалық волонтерлер қала тұрғындарына ақпараттық брошюралар таратты.
Брошюраларда ҚР территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі көрсетілген. Оған қоса, ақпараттық жадынамаларда тұрғындарға деструктивті діни ағымдардың қаупі, сенімді дереккөздер, дін саласындағы заңнама және т.б. жазылған.

Діни әдебиеттерді тарату тәртібін бұзу әкімшілік жауапкершілікке және жазаға әкеп соғады. Мұндай жағдайларда ӘҚБТК-нің (әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің) 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қызметін 3 ай мерзімге тоқтатып, жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, - деді Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Адия Романова.

Діни іс-шаралар, ғибадат ету, діни ғұрыптар мен рәсімдер жасау және діни жиналыстар өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша орындалады.
Яғни бұл да ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңының 490-бабына сәйкес, қызметі 3 ай мерзімге тоқтатылып, жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Акцияның мақсаты – халықты деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен таныстыру.

Аталмыш акция қаладағы халық көп шоғырланатын сауда ойын-сауық орталықтары мен базарларда өткізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button