Жаңалық
Елордадағы 8 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді
Бұл туралы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді», – деп жазды С.Есіркеп.
Нақтырақ айтқанда, келесідей мектептерге:
№ 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың;
№ 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың;
№ 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің;
№ 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының;
№ 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың;
№ 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтің;
№ 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың;
№ 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.