Жаңалық

Елордаға қандай дәрілер жеткізілді?

Елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді.

Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады. Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил дәрілері бар.

Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады. Дистрибьюторлар дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін айтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button