Жаңалық
Редакция таңдауы
Елордаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы келді
Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: primeminister.kz
Бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген болатын.
Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.