Жаңалық Редакция таңдауы

Елордалық ақындар тілді жырлады

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында елордада төрінде «Тіл – халық мұрасы» фестивалі аясында Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Жазушылар одағының Астана филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Өлең - сөздің патшасы» атты поэзия кеші өтті.

Оқушылар сарайында өткен жыр кешіне 14 қатысты. Олардың қатарында: Олжас Қасым, Абзал Мақаш, Батырхан Сәрсенхан, Ботакөз Мұхиден, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Айдана Сегізбаева, Бекзат Құлшар, Дәулет Телман, Айдын Байыс, Аян Мейраш, Алпамыс Файзолла, Айзада Рақымжанова және Ажар Ерболған.

Жыр кеншінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы, Халықаралық ” Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Танагөз Толқынқызы қазылық етті.

 

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені  Айзада Рақымжанқызы 200 000 тг,

бірінші орынды Ажар Ерболған 150 000тг,

екінші орынды Айдана Сегізбаева 100 000тг,

үшінші орынды Аян Мейраш 75 000тг,

төрт ынталандыру сыйлығын (50 000 тг): Олжас Қасым, Ботакөз Мұхиден, Алпамыс Файзолла, Бекзат Құлшар еншіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button