Жаңалық

Елордалық ассамблеяның балалар мерекесіндегі акциясы

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында елордалық этномәдени бірлестік мүшелері, аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мерекелік қалташалар таратылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыты қайырымдылық істерін көрсету болып табылады. Осының негізінде, 40-тан астам аз қамтылған, жалғызбасты әке-ана және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қуаныш сыйламақпыз. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық жасаудан ешқашанда тысқары қалған емес», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Алғашқылардың бірі болып акцияға қолдау білдірген «Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» Нұр-Сұлтан қаласының филиалы. «Мұстафа Мұстафаев біздің бірлестіктің миценаты. Мақтараарал ауданына ол 1 млн. 700 мың теңге көлемінде ақшалай көмек пен 30 тонна ұн жіберді. Бұл жолы да ол қолдан келген көмегін аямай, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, тәттілермен қуантудан бас тартпады. Біз елордалық этномәдени бірлестік мүшелері қашан да болмасын қол ұшын созуға дайын тұрамыз. Балалардың жүздеріндегі күлкіні көру біз үшін бақыт» екендігін бірлестік төрағасы Шамо Фатоев тілге тиек етті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы

 

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button