Жаңалық
Редакция таңдауы
Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті тұрғындарға ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 желтоқсанда Астанада боран, көктайғақ және қатты жел болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: qazaqstan.tv
Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне сүйене отырып, 1 желтоқсанда Астанада боран, көктайғақ және қатты жел болады деп күтілетінін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсанда Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Елордалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.