Жаңалық

Ең бастысы – өзіңмен бірге бол!

Сен – өзіңе жаны ашитын, өзің үшін уайымдайтын жалғыз адамсың. Қандай жағдай болсын, қандай қиындық болсын, өзіңді жазғырма! Одан ештеңе өзгермейді. Өзіңе деген құрметің бәрінен биік болсын.

Адам өмірге келгеннен кейін әрбірі жеке тұлға ретінде қарастырылады. Бірақ бәрі бірдей жетістікке жетпейді. Өйткені, барлығы бірдей өз-өзін құрметтей алмайды. Әрбірі өз құқығын талап ете алмайды.

Адам әрқашан өз-өзімен сұхбат құрып отыруы шарт. Өз-өзіне есеп беріп, ақылдасып отыруы керек. Бұл уақытпен дәлелденген қағида. Себебі, адамды өз түйсігі ешқашан алдаған емес.

Өзгеден ақыл сұрап, жақындармен сыр бөліскен, әрине. Дұрыс. Бірақ, ең алдымен, өзіңді құрметтеп, өзіңнен барлығын сұрауың қажет.

Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Сенің дене бітімің, сенің ақылың, сенің қабілетің – саған берілген қайталанбайтын тарту. Ал оны пайдалану үшін өз ақылыңнан өзгенің қажеті шамалы. Саналы адам, азамат дәрежесіне көтерілгеннен кейін өз түйсігіңді тыңдай білсең, жетістікке жетерің хақ.

Ең бастысы – өзіңмен бірге бол, бар өмірің әлі алда!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button