Жаңалық

Ең жас хоккей командасы

Елордамызда орналасқан әйелдер хоккей академиясында ашық есік күні өтті. Академиядағы бір жаттығу сабағынан фотобаян ұсынамыз.

Академияда жас ерекшелігіне қарай 3 категория бойынша спортшыларды дайындайды.

3-6 жас аралығындағы балалар командасын жасақтау да жоспарда бар.

Еліміздің өзге өңірлерінде спорттың бұл түрінен жасақталған қыздар командасы әлі жоқ.

Ал әйелдер хоккей командасы Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларында ғана бар.

Алғашқы қазақстандық әйелдер хоккей командасы 1993 жылы құрылған.

АҚШ хоккей лигасындағы алғашқы қазақ легионері, «100 жаңа есім» жобасының  жобасының IV маусым жеңімпазы Бұлбұл Қартаңбай жасөспірімдер хоккей құрамасының қатарына 2009 жылы қосылған.

Академия мұзда еркін сырғанауды, хоккей әдістерін үйретеді.

Бұдан бөлек, академия сурет салуға, би билеуге, аспаздық өнер мен тігіншілікке де баулиды.

8-13 жас аралығында кіші топ биыл алғаш рет Қазақстан чемпионатына қатыспақ.

Айта кетелік, акамедия үнемі команда жасақтауда.

Оқушыларды «Томирис» командасының ойыншылары және тісқаққан ұстаздар жаттықтырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button