Ең танымал қазақстандықтар
Жыл басынан бері Қазақстанның атын әлемдік ареналарда әйгілеп жүрген 10 қазақстандықты назарларыңызға ұсынамыз.
Жайдарбек Күнғожинов (06.09.1969) – «Томирис» тарихи драмасында трюктерді қою жұмысы үшін каскадерлік «Оскар», Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын иеленген «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі. Актер «Мулан» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдайды.
Дидар Хамза (15.02.1997) – 90 келі салмақ дәрежесіндегі дзюдодан Қазақстан чемпионы.
Иманбек Зейкенов (21.10.2000) – диджей әрі музыкалық продюсер. 2019 жылы Saint Jhn-нің «Roses» әніне жасаған ремиксімен әлемге әйгілі болды. «Грэмми-2021» номинанттары қатарына енді.
Жансая Әбдімәлік (12.01.2000) – он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған қазақ шахматшысы. Элиталық әйелдер турнирінің жүлдегері. Әлемнің үздік шахматшыларының үштігіне енді.
Нұрлан Сабуров (22.12.1991) – Қазақстанның тумасы, әзілкеш. Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылғы 30 жасқа дейінгі дарынды 30 азамат рейтінгіне үміткер.
Данэлия Тулешова (18.07.2006) – қазақстандық әнші. Лос-Анджелесте өткен американдық America’s Got Talent шоуының ІІ орын иегері.
Данияр Алшинов (01.01.1988) – қазақстандық режиссер және сценарист. «Қап-қара адам» фильмі үшін «Asia Pacific Screen Awards-2019» жүлдесінің «Үздік режиссер» аталым жеңімпазы. European Cinematography Awards қорытындысы бойынша «Үздік Актер» аталымына лайық деп танылды.
Бақтияр Зайнутдинов (02.04.1998 жыл) – қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының және ЦСКА футбол клубының шабуылшысы.
Шавкат Рахмонов (23.10.1994) – орта салмақта өнер көрсететін UFC спортшысы. Қазақстанның осы спорт түріндегі жалғыз өкілі.
Айсұлтан Сейітов (31.01.1997) – қазақстандық режиссер, клипмейкер. Қазіргі уақытта Нype Production продакшн-компаниясымен ынтымақтаса отырып, ТМД елдерінің танымал орындаушыларына бейнебаян түсіруде.