Жазба мен әдебиет біздің дәуірге дейінгі жетінші және төртінші мыңжылдықтың аралығында пайда болды. Жазу мен сызу – мәдениетті адам танымастай өзгертті. Жалпыға жария болмауы керек құпия мәтіннің қаншасы сиямен берілгенін кім білсін?! Ғасырлардың тарихын қағаз бетінен оқып, көз алдымызға елестетіп отырмыз. Адамзат өміріне жазба қалай әсер етсе, жазба тарихына кітаптар да солай әсер ете алды. Мәтінді жазу үшін әр түрлі материалдар, оның ішінде саз, жібек, керамика, папирус және, тіпті, алтын да қолданылған. Сондықтан жер бетіндегі ең ескі кітап туралы мәселе көбінесе оның қалай жіктелгеніне байланысты. Біз әлемдегі шығу тегі мен жазылу уақытына қарай ең ескі болып есептелетін он кітапты бірыңғай тізімге біріктіруге тырыстық. Мархабат:
10. Гутенберг киелі кітабы – шамамен алғандағы жасы: 559 жыл
Бұл кітап, сондай-ақ 42-жолдық Киелі кітап ретінде танымал (жолақтағы жолдар саны бойынша). Әлемдегі ең қымбат киелі кітап ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
Сондай-ақ, көпшілік оны әлемдегі алғашқы баспа кітабы деп санайды. Іс жүзінде бұл олай емес. Гутенберг жасаған кітап – алғашқы басылымдардың бірі.
Бұл кітаптың басқа инкунабулдардан айырмашылығы – тамаша сапалы безендірілгені.
Оның алғашқы көшірмелерін 1454-1455 жж. Иоганн Гутенберг Майнцте (Германия) жасаған. Гутенберг тауратының 48 түпнұсқа даналары бар екені белгілі.
9. Кельт псалтирі – 938 жыл
Адамзат тарихындағы ең ескі 10 кітаптың келесісі – Эдинбург университетінде сақталған қалта псалтирі. Ол біздің дәуіріміздің 11-ші ғасырында пайда болған деп есептеледі. Сондықтан да бұл кітап Шотландияның ең ескі кітабы болып табылады.
Кельт псалтирьі өте маңызды тұлға үшін құрылды деп болжануда. Кітаптың кейбір әшекейлері ағылшындардың «Винчестер» стилінде орындалған фактісі аталмыш кітапты Маргарита Шотландскийге арналып жасалғандығын көрсете алады.
Маргарита Шотланский ағылшын патшалығының өкілі екені көзіқарақты оқырманға аян.
8. Алмаз сутрасы – 1150 жыл
Бұл будда қасиетті мәтіні – әлемдегі ең ескі баспа кітаптарының екіншісі. «Алмаз сутрасы» ХХ ғасырдың басында Қытайда Могао үңгірінде табылды. Онда Бодхисатт жолын үйренуге ұмтылған адамдарды пайымға шақыруды мақсат еткен Будда Шакьямунидің сөздері келтіріледі.
Қазір әлемдегі ең көне кітаптардың бірі Британдық мұражайда сақталуда, бірақ келушілер үшін қол жетімді емес.
Бұл кітапқа жарықтың түсуі оған теріс әсер ете алар, тіпті, жойып жібере алар қаупі бар болғандықтан, біз тек желіде орналастырылған фотосуреттерді тамашалай аламыз.
7. Сидур – 1178 жыл
2013 жылы табылған ежелгі еврей дұғасы «сидур» біздің дәуіріміздің 840 жылы жазылды деуге болады. 40 мың қасиетті мәтіннен тұратын бұл пергаменттің ескілігі сонша, бұл жазбада Вавилон әріптерін де кездестіруге болады.
Бұл сарапшыларға кітапты Вавилондағы гаондардың (еврей халқының рухани көшбасшылары) қызметі уақытына жатқызуға мүмкіндік береді.
6. Келл кітабы – 1218 жыл
«Келл кітабы». «Колумба кітабы» деген де осы кітап. Дублиндегі (Ирландия) Тринити колледжінің кітапханасында сақталған. Кітап біздің дәуіріміздің 800 жылдарына таяу кельт монахтарымен жазылған деп саналады.
Кітап түрлі-түсті миниатюралармен, ою-өрнекпен әсемдеп безендірілген және латын тіліндегі төрт Інжілден тұрады. Көптеген әшекейлерге байланысты кейбір беттегі қолжазба мәтіндерін ажырату қиын.
Дегенмен, Келл кітабы оқу үшін емес, Құдайға құлшылық ету кезінде қолдануға арналғаны шындыққа жанасады. Ал мәтінді оқушы өз естеліктерінен дәйексөз келтіруі де әбден мүмкін.
5. Виджай Дхарани сутрасы – 1314 жыл
1966 жылы Оңтүстік Кореядағы Пульгукс будда храмында «Виджай Дхарани» сутрасы табылды. Ол ксилография әдісімен жасалған. Сондықтан да әлемдегі баспа кітабының ең ерте үлгісі болып табылады.
Бұл мәдениет жауһары б.з. 704 және 751 жылдар арасында жапон қағаз ағашынан жасалған қағазда басылған.
Кореяда табылған сутраның баспа әріптері жіңішке қағаздары сияқты қытайлық «Алмас сутрадан» тиісінше ерекшеленеді.
4. Кутберт Евангелие – 1320 жыл
Еуропадағы ең ескі кітап – 2012 жылы британдық кітапхана 9 миллион фунт стерлинг үшін сатып алған Св. Кутберт Евангелиесі.
Кітап ерте Британдық христиан көшбасшыларының бірі, қасиетті Кутберттің табытына салынған сый болды. Ол біздің дәуіріміздің 698 жылы жарыққа шыққан кітап ретінде қарастырылады.
Кейін кітап, викингтердің шабуылдарының бірінен жойылып кетпесі үшін әулиелерінің басқа да заттарымен бірге, Дарем мазаратына көшірілген.
3. Наг-Хаммади кітапханасы – 1693 жыл
Бұл әлемдегі ең ескі кітапханалардың бірі. Ол 1945 жылы Мысырдың Наг-Хаммади ауылында табылған 13 былғары папирус кодекстерін қамтиды.
Гностикалық мәтіннен тұратын кітаптар біздің дәуіріміздің төртінші ғасырдың бірінші жартысына дейін созылады. Олар копт тілінде жазылған, және, бәлкім, грек түпнұсқасынан көшірілген.
Қазіргі уақытта Наг-Хаммади кодекстері Египеттің Каир қаласындағы Коптс мұражайында орналасқан.
2. Пиргадан жасалған алтын кестелер – 2500 жылдан астам
Үш алтын пластина 1964 жылы Италияның Пиргия жеріндегі ежелгі этрус порттарындағы әулие-әнбиелердің жатқан жерін қазу кезінде табылды. Олардың шетіне тесіктері бар, және ғалымдар бір кездері пластиналар бір-бірімен байланған болуы мүмкін деп санайды.
Екі пластинада этрус тілінде жазулар бар, ал біреуі финикий (пуникалық) тіліндегі мәтіннен тұрады.
Пиргадан қырқылған бұл кестелерде Тефарий билеушісі Цере қаласынан велиана финикий құдайы Астартаға да сыйлықтарын алып келгенін, сондай-ақ Иштар сияқты танымал екенін айтады.
1. Этрусктардың алтын кітабы – 2678 жыл
2003 жылдың мамырында Софиядағы болгар ұлттық тарихи мұражайы екі алтын сақинамен қосылған алтыннан жасалған алты беттен тұратын ежелгі кітапты жалпыға ортақ көрсетілімге шығарды. 5х4,5 см өлшемдегі пластиналарда этрус тілінде жазылған орфикалық мәтін, сондай-ақ жылқының, салт аттының, сиренаның, лираның және әскери адамдардың бейнелері бар.
Кітаптың мазмұны Ежелгі Грецияда пайда болған Орфейге табынушылардың мүшесі болған атақты адамды жерлеу үшін жасалған деп болжауға мүмкіндік береді.
Әлемдегі ең көне көп беттік кітап шамамен б.з.д. 660 жылы пайда болған деп көрсетіледі. Оны музейге Македониядан келген 87 жасар Болгар ер адам сыйға тартты. Ол Струма өзенінің бойындағы арнаның құрылысында жұмыс істеген сарбаз болған кезде 60 жыл бұрын қазылған қабірден шығып жатқан қазынаны тауып алған.
Мұражай директоры Божидар Димитровтың айтуынша, олжаны София мен Лондондағы сарапшылар растап отыр. Этрусктар Лидиядан (қазіргі Түркия аумағында орналасқан) қоныс аударған ежелгі халық болған. Сол халық б.з.д. бірінші мыңжылдықта Орталық Италияда қоныстанды дейді қарт тарих.