Еңбек адамының бір күні
Бүгінгі «Еңбек адамы» жобасының кейіпкері – қырық жыл теміржол саласында тер төгіп жүрген абзал ана Қабдианова Рыскүл Жұмагелдіқызы.
ШҚО, Аягөз қаласы – тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылардың өңірі.
Рыскүл Қабдианова да техник-механик ретінде «Қамқор-Локомотив» жөндеу депосында 19 жасынан екбек етіп келеді
Жұмыс уақыты таңғы 7:45-тен басталады
Маман ең алдымен тепловоздарды қабылдап, дөңгелектерін өлшеп бақылайды. Ақаулары болған жағдайда темір ұстасына жонуға жібереді.
Рыскүл Қабдианова бір күнде 4-5 тепловозды тексерістен өткізеді.Күн райына қарамай жүк діттеген жерге қауіпсіз жетуі үшін тексеріс жұмыстарын аса мұқият жүргізу керек.
Бүгінгі таңда Рыскүл сыйлы теміржолшы. Ауыр еңбектің зейнетін көріп отырған жан.
Еңбек адамының жұмысы – экономиканың негізгі тірегі
Тек еңбек қана Мәңгілік елдің іргесін мығым етеді.