Жаңалық Редакция таңдауы

Енді Ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерді шектей алады – Үкімет қаулысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желіні шектей алатын өкілет беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Қамшы сайты.

Құжатқа сай, министрлік әлеуметтік желілерді бақылайтын қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:

– онлайн-платформаны (Facebook іспеттес әлеуметтік желілер) немесе лездік хабарлар алмасу сервисін (Whatsapp тәріздес мессенджерлер) пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында олардан бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрата алады;

– онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындай алады;

– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ел аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектей алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button