Жаңалық
Редакция таңдауы
Енді Ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерді шектей алады – Үкімет қаулысы
Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желіні шектей алатын өкілет беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Қамшы сайты.
![](/storage/storage/element/2022/08/01/mainphoto/zgocC8oB7Ieey76oSruMU92CFzcIp05ln9VIBg9I.jpg?time=1701544606)
Құжатқа сай, министрлік әлеуметтік желілерді бақылайтын қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:
– онлайн-платформаны (Facebook іспеттес әлеуметтік желілер) немесе лездік хабарлар алмасу сервисін (Whatsapp тәріздес мессенджерлер) пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында олардан бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрата алады;
– онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындай алады;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ел аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектей алады.