Жаңалық Редакция таңдауы

Енді Enbek.kz-те бейне байланыс арқылы сұхбаттасуға болады

Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен бейне байланыс арқылы әңгімелесу өткізуге мүмкіндік алды.

Enbek.kz порталында онлайн әңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қол жетімді.

Жұмыс беруші сұхбат өтетін күні мен уақытын белгілеп жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына онлайн сұхбаттасуға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады.

Enbek.kz порталындағы онлайн әңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат сапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button