Жаңалық Редакция таңдауы

Енді ЖОО-ның үздік түлектері лауазымдарға конкурссыз тағайындалады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке орналасу кезінде туындайтын қажетсіз кедергілерді жою, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметке кіруге қатысты жаңа тетіктер енгізді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектердің (GPA 3,33-ден жоғары) аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу мүмкіндігі.

Бүгінгі күні осы тәртіппен 40 түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз тағайындалды.

Тағайындалған жастар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Н.Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университі және т.б. өңірдегі университеттердің түлектері.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button