Жаңалық
Еңсеңді көтер!
Адам тұнжыраған сайын өзінің жетістікке жетер жолдарына кедергі мен бөгеттер қойып тастайды. Сол себепті адам әрқашан өзін-өзі жігерлендіріп, еңсесін тік ұстауы шарт.
Барлық жетістік, барлық пайдалы қарекеттердің жүзеге асуы адамның ішкі һәм сыртқы аурасына байланысты.
Адам өзін-өзі шамадан тыс көп шектесе, өзінің қадамдарының кері кетуіне жол береді. Ал өз-өзіне жақсы аура қалыптастырса, соған сәйкес, жақсы қадамдарының жүзеге асуына сеп болады.
Адам тұнжыраған сайын өзінің қалыптағы көңіл-күйін, мақсаттарын, жігерін жоғалтып жатады. Демек, жақсы жетістік шыңын бағындыру үшін еңсені әрдайым көтеріп жүру қажет.
Еңсеңді көтер! Өз-өзіңді жігерлендір! Өзіңе өзің мотиватор бол!