Жаңалық

«Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» дастаны жарыққа шықты.

Ақтөбеде «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, 500 данамен жарыққа шыққан жыр альбомының тұсаукесер рәсімі өтті. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, есімі елге танылған бірқатар тарихшылар мен профессорлар қатысты. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау Алмасбек Алматов, профессор Мұхтар Құл-Мұхаммед, шығыстанушы Карл Райхл, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әнес Сарай қатысты.

Олар видеобайланыс арқылы Едіге батыр жайындағы пікірлерін ортаға сала отырып,ұлттық өнерімізді жаңғыртуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Оңдасын Оразалинге алғыс білдірді.

«Едіге батыр – тарихи тұлға. Осы орайда орта ғасырдағы айбынды мемлекетіміз Алтын Орданың 750 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған шараның да орны ерекше.

Алтын Орданың 750 жылдығы дегеніміздің өзі тарихты тану, батыр бабаларымызды ұлықтау және басқосудағы басты мақсатымыз – Едіге батырды тұлғаландыру, тарихи орынын зерделеу», – деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қолдауымен еліміздің әр өңірінен шыққан 40-там астам жыршы-жыраудың орындауында дыбыстық жазбаға түсірілген 500 дана дастан жарыққа шықты. Екі бөліктен тұратын дастанда «Қырымның қырық батыры» және «Едіге батыр» туралы тарихи мәлімет, жырды бізге жеткізген жыраулар туралы ақпар бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button