Жаңалық

Ерболат ҚУАТБЕК: СІЗ ЖЫНДЫСЫЗ

ЭКСПЕРИМЕНТ: Құтының (банка) ішіне ара жіберіп, үш күнге қамап қояды. Құтының ішінде үш күн бойы айналсоқтап жүрген аралардың күйін көрсеңіз ғой. Үш күн өткеннен кейін құтының қақпағын ашса, аралар сол қалпы айналып жүрген шеңберінен ешқайда ұшып кетпейді екен. Аралар бір шеңберде айналып жүр. Ал қақпақ ашық. Міне, біздің қазіргі қоғам дәл осындай. Өйткені оларда «белгіленген шеңбер бар, содан шығып кетпеу керек» деген түсінік бар. Тағы бір эксперимент жасапты ғалымдар. Балаларға ботқадан дәм татқызады. Ботқаның бір жағы тәтті болса, екінші жартысы ащы екен. Бір бала дәм татып көріп, ботқаның тәтті екендігін айтады. Шынымен, ол тәтті жағынан ауыз тиген еді. Екінші бала да дәл солай дейді. Онікі де дәл сондай. Үшіншісі мен төртіншінің де ботқасы тәтті болып шығады. Ал бесіншісіне ащы жағы түскен екен. Ботқа ащы болса да, бала бәрібір «тәтті» дейді. Неге? Өйткені алдыңғы балалар да «тәтті» деп жауап берген еді. Мінекей, тобырлық сана бала кезден бастау алады. Балаға ботқаның ащы екендігін айтуға болушы еді. Бірақ ол қазіргі қоғамға жат адам болып кетеді. Жат болуы – адамның қоғамнан өзгеше ойлауында болып отыр.

Қалаға қоныс аударып, бұл жақтың тірлігіне етім үйреніп қалған кезім. Ауылдың адамдары келді үйге қонақ болып. Негізінен, шаруамен келген еді. Әкемнің жолдасының бауыры ауру-тын. Турасын айтқанда, жынды. Жындыханаға жатқызу керек екен. Олар қаланы білмейтін болғандықтан, жол нұсқаушы ретінде ере шыққан едім. Бара жатсақ, әлгі кісі (жынды) көзіне көрінген жанның барлығымен амандасып келеді. Өзім ыңғайсызданып қалдым. Кейін ойлап отырсам, ол емес, мен жынды екенмін. Біз жынды екенбіз. Адаммен есендескеннің не сөкеттігі бар? Өйткені бұндай дүние қоғамға ерсі. Сауалдың жауабы – осы.

Мен қазір далаға шығып немесе қоғамдық көлікте өлең оқиыншы. «Ей, мынауың есуас қой», – дейді. Ал жаңағы оқыған өлеңімді сахнада оқысам: «Мынауың керемет екен», – дейді кеп. Сондағы оқитыным – бір өлең. Тыңдаушым да – бір қоғам өкілдері. Тағы да не? Қоғамға жат дүние – бұл. Шектеулі өйткені.

«Общество мертвых поэтов» деген керемет кино бар. Актер, марқұм Робин Уильямс «Ағылшын әдебиеті» пәнінің мұғалімі Джон Китингтің рөлін сомдайды. Оның әдіс-тәсілі мектеп бағдарламасына мүлде келмейді. Сол кинода мынадай диалог бар: – Оларға мен өз ойын айтуды, дүниені тануды үйретемін, – дейді мұғалім. Сонда директор: – 15 жастағы балаға ма? Жынды екенсіз. Олар үшін шектеулі, – деп тойтарыс береді. Яғни 15 жастағы балаға дүниені тануға, өзінің ойын айтуға болмайды екен. Міне, біздің қоғамның тағы бір бейнесі осындай. Ақсұңқарұлының керемет өлеңі бар. «Аквариумдағы балықтар» деп аталады:

«Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар,

Ұқсас екен біздей сері халыққа.

Мәз болады жіберсең бір жемді сап,

Біздей сері.

Біздей ойсыз,

Сенгіш-ақ:

Еркіндікке естен танып мәз боп жүр,

Егемен ел болдым дейтін мен құсап…

Аквариумдағы балықтар-ай, балықтар,

Қалайша ұқсас біздей сері халыққа».

Шекара. Құрлыққа, мемлекетке, мұхитқа, теңізге, көлге, балшық-шалшықтың барлығына шекара жасап қойдық. Әр мемлекеттің территориясы шектеулі, бұғаулы һәм құлыптаулы. Өйткені біз бір-бірімізге сенбейміз. Адаммен сөйлесердің алдында оның ұлтына һәм руына қарап сөйлесеміз. Орыс болса, айбалтамызды даярлап отырамыз. Өйткені ол – жау, дұшпан. Бірақ жаңағы орыс азаматының ата-бабаларының һәм саясаттағы сайқалдардың тірлігіне не қатысы бар? Не кінәсі бар деймін де? Орыс біздің дұшпан деп, оның тілі мен мәдениетінен бас тартуымыз керек пе? Тағы бір кино есіме түсіп отыр. Сюжеті былай: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар. Орыс ауылына неміс әдебиетінен сабақ беретін мұғалім келеді. Бірақ оқушылардың ата-аналары неміс әдебиетін оқуға тыйым салады. Бұл жағдайды көріп отырған ауыл басшысы: «Неміс әдебиеті деген Гитлер емес қой. Гитлер жасаған қантөгіс үшін әдебиет кінәлі емес. Гете, Гейне, Гегель қайда қалады? Француздар да біздің жауымыз болған. Онда ешқандай әдебиетті оқымай қояйық», – дейді. Ең алдымен адамға адамгершілік тұрғысынан қарау керек. Неміс әдебиеті дегеннен кейін Генрих Гейненің «Урок» деген өлеңі еске оралады екен:

«Мама учит пчёлку-дочь:

«От свечей лети ты прочь!»

Только мамины слова

Пчёлка слушает едва.

Не сидится смирно ей –

Всё летает вкруг свечей,

Мама сколько ни кричи:

«Пчёлка, дальше от свечи!»

Кровь у пчёлки горяча –

Прямо в пламя! И свеча

Быстро дурочку взяла…

Пчёлка, пчёлка умерла!

Раз в огонь кто попадёт –

Смертью огненной умрёт…

Будь от девочек далёк,

Мой сынок, мой сынок!».

Тағы да тыйым, тағы да шектеу. Басқа ештеңе де емес. Алаш зиялыларын неге қырып тастады 37 жылдары? Өйткені олар құтыдан шығып кетті. Шеңберден. Ал билік ондайды ұнатпайды. Жүсіпбек Аймауытов айтпақшы, «Данышпан да, жауыз да білімдіден шығады». Сталин де ақымақ емес қой. Әлихандар мен Әлімхандардың қуаты мен күшінен сескенді. Биліктің халыққа кітап оқуға мүмкіндік һәм жағдай жасамайтыны сондықтан. Оларға тобыр керек. Артынан еріп жүретін. Ащыны «тәтті» десең қостай жөнелетін.

Ерболат ҚУАТБЕК,

«Қасым» порталы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button