Жаңалық
Еріктілер елмен бірге
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Mega SILKWAY ойын-сауық орталығында Insta-Art көрмесі өтті.
Көрме «Еріктілер ісі өмір қалпы ретінде» деп аталды.
Көрменің мақсаты: адамдарды еріктілікке тарту. Келушілер көрмедегі бір суретпен фотоға түсіп, өзінің инстаграм парақшасына жүктейді.
Суреттің астына #біргеміз хештегі жазылады. Мәселен біреуі үй жануарларымен түскен суретін жүктейді. Автор мен ұйымдастырушылар желіге жарияланған ең үздік фотоларды таңдайды.
Көрмені әуелі Елордада, сосын Қазақстанның барлық аймақтарында көрсететеді.
Ұйымдастырушылары: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Астана Жастары» еріктілер тобы. Көрменің авторы – Зарина Байкенова.