Жаңалық

Еріктілер тағы да таң қалдырды

Волонтерлер бірқатар қала тұрғындарына 5000-нан астам маска таратты

SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына 5000-нан астам көп реттік қорғаныс маскаларын  таратты.

Волонтерлер адамдарды дүкендерден шыққан сәтте және көшеде қарсы алып және гигиена ережелерін еске түсіріп маскаларды таратты. Маскалар әсіресе көшеде қорғансыз жүрген зейнеткерлер мен балаларға берілді.

“Бұл біздің бастамамыз. Бірінші кезекте, біз азаматтарымызға алдын алу шараларын, жеке қауіпсіздікті және маска режимін сақтау қажеттігін еске салғымыз келді. Бірнеше рет қолдануға болатын сапалы және көп реттік маскаларды таңдадық”, – деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.

Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы “Самұрық-Қазына” компаниялар тобының бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. http://volunteer.sknews.kz/. сайты арқылы өтініш беру арқылы Қазақстанның кез келген азаматы волонтер бола алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button