Жаңалық Редакция таңдауы

Еріктілердің басын қосқан халықаралық форумның бірінші күні өтті

Бүгін Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен халықаралық волонтерлер форумының бірінші күні өтті.

Форумға 34 елден 140-тан аса шетелдік қатысушы келген. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірінен делегаттар қатысуда.

Форумның алғашқы сессиясы «Ұлан-ғайыр Дала елі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, волонтер Валихан Бахретдиновтың модераторлығымен «Халықаралық волонтерлік бастамалар: Тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында өтті. Сессияны АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай ашты. Сондай-ақ спикерлер қатарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Тимур Бекмамбетов, музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының президенті Халук Левент, Қазақстандағы UNICEF (ЮНИСЕФ) өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен болды.

Сонымен қатар форумның алғашқы күнінде «Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік», «Жасыл із: Экологиялық мәселелерді шешудегі волонтерлердің үлесі», «Волонтерлер қозғалысының аймақтық консолидациясы»,«Волонтерлік бастамаларды ілгерілетудегі БАҚ рөлі» тақырыптарында сессиялар өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button