Еріктілік – ерлік
Қостанай қаласында қазақстандық және ресейлік жастардың басын қосқан форум өтіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар жылының» жалғасы ретінде 2020 жылды волонтерларға арналатынын айтқан еді.
Расымен, биылғы жыл «Волонтерлар жылы» деп аталды. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары бұл жыл туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Айбек Әрімбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобының домбырашысы: «Волонтер – қоғамға өлшеусіз үлес қосып, қолдауды күтетін жандарға қол ұшын созып, ең бастысы мемлекетке оның бір бөлшегі ретінде ерікті түрде көмек көрсететін адам. Латын тілінен аударғанда оның мағынасының өзі «ерікті», «бір іс істеуді қалайтын» дегенді білдіреді. Ал еріктіліктің нақты және қарапайым мысалы бұл – сенбіліктер. Филармония ұжымы әрдайым қоғамдық жұмыстарда бас болып, табиғат-ананың гүлденуіне атсалысып келеді. Қыста «Астана» концерт залы аумағына жиналған қар, күзде солған жапырақтарды тазартуға бірауыздан келісіп, бір істің басынан бой көрсетіп келеміз. Әрбір қазақстандық та басқа істі мойындарына жүк қылып артқысы келмесе, волонтерліктің қарапайым үлгісі – сенбілікке шығып, осы әсем табиғатымызды аялауға атсалысса деген тілегім бар».
Қостанай облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі