Жаңалық Редакция таңдауы

Ерке Ертіс өзені туралы аңыз

«Ұлы дала аңыздары» айдарының бүгінгі саны Ертіс өзені жайлы болмақ.

Ертеде ноғай халқының билеушісі қайтыс болып, екі ұлы мұрагер болып қалады. Үлкен ұлы ақылды, мықты болыпты да, елдің тізгінін өз қолына алады. Ал кіші ұлы ханзада – шад болып тағайындалады. Алайда кіші ұлы ағасының билікті қолға алғанын қызғанып, оның өміріне қастандық жасайды. Қастандығы жүзеге аспай, күң әйелдердің біреуін алып, қашып кетеді. Жазиралы даланы ұзақ кезеді. Бір күні суы мол өзенге жетеді. Өзеннің балығы көп, орманы да құстарға толы екен. Олар осында аң аулап, тамағын тауып күнелтеді. Біраз уақыт өткен соң, жолы болғыш аңшы туралы қауесеттер ноғайлардың да алыс туыстарына жетеді. Содан олардың қатары Ими, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ и Аджлад деп аталатын жеті адамға толығады.

Шад еркіндікті сүйген, ал бұл жеті адам өз қожайындары – ғұндарға қызмет еткен, мал баққан. Малдың көптігі сондай, бүкіл шөпті оттап тауысады, ал табыншылар Шад отбасымен тұратын өзеннің арғы жағына өтеді. Ер адамдар Шадтың үйіне келгенде, әйелі есік алдынан шығып: «Ер, түс!» «Тоқтаңдар, адамдар, егер жақсы ниетпен келіп тұрсаңдар!» дейді. Осылайша, өзен «Ертіс» деп аталады.

Ертіс өзені Моңғолиядан бастау алып, Хаара-Улус-Нор көлінен ағып шығады. Көлден шығып, Қобда өзеніне құяды, одан әрі Қытай Халық Республикасының аумағымен ағып, Алтайға дейін жетеді, ол мұнда Қара Ертіс деп аталады, Зайсан көліне барып құяды. Зайсан көлінен шығып, Семей, Павлодар, Омбы қалаларынан өтіп, Тобылға қосылады, одан Ханты-Манси ұлттық округіне дейін жетіп, үлкен Сібір өзені Обьқа құяды, соңында Солтүстік Мұзды мұхит суына қосылады.

Жеті жігіттің есімдері Ими, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ және Аджлад түркі руларының негізі болды, ежелгі заманда осы ұлы өзеннің жағасында өмір сүрген орал-алтай және түркі-моңғол тайпалары мен халқының атауына сәйкес келеді. Ертіс топонимі Орхон-Енисей сына жазбаларында VI–VII ғасырларда тіркелгендіктен, осы гидроним біздің дәуірімізге дейінгі IV–V ғасырларда қолданылған. «Ертіс» сөзінің шығуына кемінде екі жарым мың жыл болған. Бұл туралы М.Қашқари «Түркі тілінің сөздігі» еңбегінде (ХІ ғасыр), орыс ғалымдары П. П. Семенов, шығыстанушы академик В.В. Бартольд, араб тарихшысы Әль Гардизи, осы заманғы ғалымдар А. П. Дульзон, Э. М. Мурзаев және Р. Рамстедт жазған.

Дереккөз: «Қазақ жерінің жүз аңызы» Орынбай Жанайдаров

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button