Жаңалық

Ерте жастағы некелесудің негізгі проблемалары қандай?

Назарларыңызға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты дайындаған «Ерте жастағы некелер» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша талдау баяндамасын ұсынамыз.

Талдау баяндамада терең сұхбат арқылы жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері ұсынылды: әйелдердің ерте некеге тұру себептері, уәждері мен факторлары зерттелді, ерте некенің проблемалары мен салдары зерделенді, ажырасудың себептері және ерте некенің қысқа болу себебі анықталды, ерте некеге тұрған әйелдің әлеуметтанулық портреті жасалып, ұсыныстар берілді.

Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Талдау баяндамасы мемлекеттік қызметкерлерге, ғалымдарға, қоғамдық ұйымдар өкілдеріне және отбасы және гендерлік саясат мәселелері қызықтыратын барлығына арналады.

Баяндаманың мазмұны төмендігі тақырыптарды қарастырады:

1. Құқықтық қорғау және некеге өз еркімен тұруды қамтамасыз етуде халықаралық және ұлттық заңнамалар;

2. Әйелдердің ерте жаста некелесудің уәждемесі, себептері;

3. Ерте жастағы некелесудің негізгі проблемалары мен салдары;

4. Айрылысулардың негізгі себептері, ерте жастағы некелесудің тұрақсыздығы және ұзаққа созылмауы;

5. Ерте жаста некелескен әйелдің әлеуметтік портреті;

6. Әйелдің өзіне жақын әлеуметтік ортасымен өзара іс-қимылы;

7. Ерте жаста некелескен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық.

Жұмыс терең сұхбат гайды негізінде әлеуметтік зерттеу жүргізіп, ұсыныстар әзірлеу мақсатында дайындалды.

Жұмыстың ережелері мен тұжырымдарының шынайылығы мен сенімділігі қолданылатын құралдар мен ғылыми әдістердің жиынтығымен қамтамасыз етіледі – жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, синтез, жүргізілген терең сұхбат.

Құқық қорғау және ерікті түрде некеге тұруды қамтамасыз ету саласындағы халықаралық және ұлттық заңнаманы зерттеу және де ерте жаста некеге тұрудың негізгі себептері, проблемалары мен салдары зерттеудің негізгі нәтижелері және талдауы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстарды мемлекеттік органдар отбасылық саясатты жетілдіру үшін қолдана алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button