Ертегілер классикасы мен музыка кемеңгері: «Астана Балет» қаңтар айының афишасымен таныстырды
Қаңтар айында «Астана Балет» театры көрермендерді бірден бірнеше спектакльді тамашалауға шақырады, деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар айында «Астана Балет» театры көрермендерді бірден бірнеше спектакльді тамашалауға шақырады.
10-13 қаңтар аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары белгілі дат жазушысы Ганс Кристиан Андерсеннің аттас ертегісінің желісі бойынша Р. Салимовтың музыкасына Г. Ковтун қойған «Қар ханшайымы» спектаклін тамашалай алады.
Балет маэстро Эльмар Бөрібаевтың жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.
Айта кету керек, қойылым «Үздік балалар қойылымы» аталымы бойынша «Ұмай» сыйлығымен марапатталды.
20-қаңтарда маэстро Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен симфониялық оркестрдің «Романтизм кемеңгері» атты концерті өтеді. Бағдарлама аясында әйгілі виолончель концерті мен Үшінші «Рейн» симфониясы орындалады. Солист – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев.
26-27 қаңтарда театр Н.Калининаның хореографиясымен қойылған «Күлше қыз» балетін ұсынады. Сергей Прокофьевтің ғажайып музыкасын қоюшы-дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі театрдың симфониялық оркестрі орындайды.
Шарль Перроның әңгімесі балет үшін өте қолайлы: ғажайып құбылулар, сарайдағы би кеші, махаббат туралы әпсана мен жақсылық салтанат құрған финал.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.