Жаңалық Редакция таңдауы

Ертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады

Ертең Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 9.00-ден 12.00-ге дейін бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады. Дабыл құлақтандыру жүйелерінің ақаусыздығын тексеру мақсатында жүргізілмек.  

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, «баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаны берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

«Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдары мен дауыс зорайтқыштар қысқа мерзімге қосылады. Сондай-ақ, теледидар мен радио эфирлері арқылы хабарлама айтылып, интернет ресурстарs мен мобильді қосымшалара ақпарат таратылады», деп хабарлады министрлік.

Әдетте жойқын табиғи апат, соғыс, т.б. төтенше жағдай кезінде дабыл қағылады. Сондай-ақ, жергілікті төтенше жағдайларға байланысты жекелеген мекеме, зауыттарда да дабыл қағылуы мүмкін.

Төтенше жағдайларға байланысты дабыл қағылған кезде тұрғындар қандай іс-әрекетке көшуі керек?

  • Егер үйде болсаңыз, дабылды естіген сәтте бірден радио немесе теледидарды қосыңыз;
  • Хабарламаны мұқият тыңдап, қауіпсіз шығу есіктерін еске сақтаңыз;
  • Естіген ақпаратты көрші-қолаңға жеткізіңіз;
  • Хабарламада айтылған іс-әрекет жоспарына сай жылдам әрекет етіңіз;
  • Үйден шығарда жарықты және жылу приборларын өшіріп, газды бекітіңіз;
  • Үрейге бой алдырмай, хабарламада айтылған қауіпсіз шығу есіктерін таңдаңыз;
  • Хлор, аммиак сияқты бөгде иістерді сезсеңіз суланған мақта немесе дәкемен мұрныңыз бен аузыңызды жабыңыз;
  • Теле-радиодан хабар алуға техникалық мүмкіншілік болмаған жағдайда өзіңізбен бірге ең қажетті заттарды алыңыз. Мысалы, жеке құжаттарыңызды, дәрі-дәрмек, 3 күнге жетерлік мөлшерде азық-түлік және су, ақша, киім-кешек, жеке тазалық сақтау затттары.
  • Егер далада болсаңыз, қауыпті аймақтан шығу үшін желдің бүйір тұсыңыздан соғатын жағына таңдайсыз;
  • Байланыс желілеріне кедергі жасамау үшін телефонды тек қажет кезінде ғана пайдаланыңыз.
  • Көлікте болсаңыз есік-терезені мықтап жауып, кондиционер қосыңыз.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button