Жаңалық

«Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі басталды

Фото: Ж.Аймауытов атындағы театр

Республикалық сынға еліміздің түпкір-түпкірінен 11 театр, атап айтқанда Ж.Аймауытов театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыка-драма театры, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жас көрермен труппасы, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры бағын сынауда, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фестивалдің салтанатты ашылуына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев  құттықтау хатын  жолдады:

«Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Ертіс-Баян өңірі – қазақ үшін қадірі бөлек, құтты мекен. Осы өлкеден ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен талай тарландар шықты. Соның бірі де бірегейі – қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытов. Биыл туғанына 135 жыл толып отырған қайраткер қаламгердің мерейтойына арналған фестиваль ұлт мәдениеті мен руханияты үшін айрықша маңызға ие. Алаш арыстарымен бірге туған халқы үшін орасан зор еңбек еткен біртуар тұлғаның қазақ драматургиясында да алар орны ерекше. Оған жазушының пьесалары айқын дәлел.

Сондықтан жазушының мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған театрлар фестивалін өте орынды бастама деп қабылдаймыз. Мұндай жобалар төл құндылықтарымызды төрге оздырып, қазақ театр өнерін жаңа биіктерге жетелейді.

Фестивальға қатысушыларға сәттілік, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілеймін! Әрдайым абыройларыңыз асқақ болсын! Қазақтеатры жасай берсін! - деді М. Әшімбаев.  

Фестиваль аясында тұлғаның мерейтойына орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада алаш қайраткері, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ар алдаспаны Аймауытов» атты республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Ертіс-Баян өңірі өнер саласындағы айтулы тұлғаларды түлеткен қасиетті өлке. Тұңғыш театр режиссері Жұмат Шанин, тұңғыш кино режиссер Шәкен Айманов, Иса Байзақов, Естай, Жаяу Мұса, Майра,  Кәукен Кенжетаев, Шахан Мусин сынды мәдениет тұлғалары қазақ руханиятына сүбелі үлес қосты. Солардың бірі әрі бірегейі Ж.Аймауытов. Әдебиет, сын саласында сан алуан публицистикалық мақалалардың авторы. Оның «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары және  «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері  қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.

Жүсіпбек Аймауытов қазақтың бағына туған ірі қайраткер әрі тау тұ Осы ретте, «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестиваліне қатысушы барша театрларға сәттілік тілеймін. Конференция жұмысына КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс, Жүсіпбек Аймауытовтың шөбересі (жиеншары) Павел Аймауытов және жүсіпбектанушы ғалымдар мен қаламгерлер, театр саласының майталмандары қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button