Жаңалық

«Ертіс дарыны» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Павлодарда «Ертіс дарыны сыйлығы 2020» облыстық байқауына 10 номинация бойынша 14-29 жас аралығындағы өңір тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, премияға қатысуға 200-ден астам өтінім келіп түскен.

Биыл ұйымдастырушылар онлайн дауыс беруден бас тартқан. Әр бағыт бойынша мамандардан, еңбек сіңірген қайраткерлерден тәуелсіз қазылар алқасы таңдалды. Финалистерді арнайы комиссия анықтап, әр номинациядан төрт адамды жалпы комиссияға ұсынды. Дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттары таңдалды.

Әр номинация бойынша өз қағидалары болды. Бірақ ең бастысы әр үміткердің аймақтың және өз саласының дамуына қосқан үлесі болуы керек.

Ұйымдастырушыар коронавирустық пандемияға байланысты биылғы жылы дәрігерлерді атап өтпеу дұрыс болмас еді дейді. Бұл ретте, олар «Медицина» номинациясын қосуды ұйғарды.

Сонымен қатар, белгілі 10 номинациядан басқа, арнайы бекітілген, өңірді бүкіл әлемге танытқан жастар үшін «Жылдың серпілісі» жеке номинация болды. Лауреат «Грэмми» сыйлығына ұсынылған Иманбек Зекенов атанды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button