Жаңалық

Этно-дизайнер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігуді үйретеді

Павлодарда 23 қарашадан бастап «Көрпе Fest» онлайн этнофестивалі аясында тегін шеберлік сыныптарына тіркелу ашылды, – деп хабарлайды Ruh.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қолдауымен этно-дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдарды тігуден онлайн тегін шеберлік сабақтарын өткізеді.
Шеберлік сағатына қатысушылар қолданбалы өнердің негіздері мен құпиялары туралы біле алады. Шеберлік сабақтарына қатысу шарттарымен Instagram-дағы @yrza_tursynzada және @altyn_orda_astana парақшаларынан танысуға болады. Тіркеу 2020 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасады.
Айта кету керек, тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын «Көрпе-FEST» онлайн фестивалінде үш номинацияның бірінде көрсете алады: ұлттық интерьер, 4 көрпе, 4 жастық, YouTube материалдарынан жасалған бұйымдар. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Іс-шара көп балалы аналардың, оқушылардың, студенттердің, технология мұғалімдерінің және қолөнерге қызығушылық танытқан барлық адамдардың өз ісін жүргізуге, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнершілікті танымал етуге әлеуетін ашу мақсатында ұйымдастырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button