Жаңалық

«Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде»

«Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2019 жылы 26 қарашада Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы жобасын талдамалық зерттеу, өзектілігін арттыру және ақпараттық қолдау, Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістерді зерттеуге байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында өткізілді.

Конференцияның жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, қоғам қайреткерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Іс-шара барысында 2017 жылдан бастап «Елбасы» Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асырудағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты базасында дайындалған «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми-тарихи картасының толықтырылған, жаңартылған нұсқасы көрсетілді.

Конференцияға қатысушылар пленарлық мәжілісте және секция отырыстарында жоба мәселесінің келесі бағыттарын талқылады:

– Этносаралық татулық пен келісімнің Қазақстандық моделін зерттеудің өзекті мәселелері;
– Жас ұрпақты отаншылдық пен адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін;
– Қазақстан этностарының даму тарихы мен қазіргі жағдайын зерттеудің өзекті мәселелерін;
– «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын танымал ету;
– Қазақстанның этномәдени құрылымындағы этностар.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button