Жаңалық

Еуропаға музыкалық саяхат жасау

«Астана Опера» елорда тұрғындары мен қонақтарына «Әуенді Еуропа бойынша саяхат» ұсынады.

24 сәуір күні театрдың Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, сонымен қатар олардың достары – солистер Мағруфа Мұқажанова (арфа), Гүлдана Әкімова (флейта), Дәулет Сейдахметовтың (кларнет) қатысуымен концерт өтеді.

Танымал қазақстандық ұжымның құрамында асқан шебер музыканттар бар, атап айтқанда: Айдар Тоқталиев, Алексей Лебедев (скрипкалар), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және квартеттің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель).

«Қазақквартет шақырады» топтамасы концертінің бағдарламасында Й.Гайднның №5 ішекті аспаптар квартеті, Си-бемоль мажор, ор.76 ұсынылған. Атақты австриялық классик композитор бар шығармашылық жолында аспаптық квартеттер жазып, батылдығы мен жаңашылдығын танытқан. Ол осы жанрдың Еуропа елдерінде кеңінен таратылуына ықпал етіп, классикалық кемелденуіне дейін жеткізген. Ауқымдылығы, музыкалық мәнінің айқындылы мен мінсіз үлгісінің арқасында Й.Гайднның квартеттері сол замандағы қоғамдық-концерттік өмірде маңызды рөл атқарған.

Романтизм дәуірінің танымал шығармасы – П.Чайковскийдің №2 ішекті аспаптар квартеті, Фа мажор, ор.22 шырқалады. Өзіндік, бірегей шығарма ойының кемелденуімен, мәнерлілігімен, қарқындылығымен, шығармашылық пайымның жаңашылдығымен, лирикалық бейнелілігімен ерекше. Әлбетте, екінші квартетте автор квартеттік хат техникасын шебер меңгерген.

Керемет солистермен бірлескен шығармашылықта әйгілі ұжым М.Равельдің ішекті аспаптар квартеті, арфа, флейта және кларнетке арналған интродукция мен аллегро, Соль-бемоль мажор шығармасын орындайды. Композитор француз музыкалық импрессионизмінің өкілі болып табылады. Пьеса нәзіктікке, әсемдікке және арманшылдыққа толы. Ол арфаның жаңа орындаушылық мүмкіндіктерін ашады. Жалпы ансамбль секілді, арфа партиясы да әуенді негізге қанық, аспаптың дыбысталуы айрықша мәнерге ие.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button