Жаңалық

Еуропалықтарға зиян келтiрген компания жайлы не білеміз?

Intel корпорациясы Еуропаның миллиондаған тұтынушысына зиян келтiрген. Олай етуіне не себеп болды? Аталмыш компания неліктен өзінің бәсекелік қуатын заңсыз пайдаланды?

2009 жылдың мамыр айында Еуропалық комиссия бәсекеге қарсы ic-әрекет үшiн Intel компаниясына 1,06€ млрд (1,45 млрд $) айыппұл салғанын хабарлады. Intel компаниясына 2002 жылдың казан айынан бастап 2007 жылдың желтоқсаны аралығындагы бәсекеге қатысты тергеуден соң айыппұл белгiлендi. Осы кезеңдерде Intel компаниясының дербес компьютер өндiрушілерге микропроцессорларды сату бойынша үлесi әрдайым 70%-дан асатын. Комиссияның мәлiметтерi бойынша, Intel өзiнiңбәсекелiк қуатын заңсыз пайдалана отырып, ең басты бәсекелесi – AMD компаниясын қолайсыз бәсекелiк жағдайда қалдырып, Еуропаның «миллиондаған тұтынушысына» зиян келтiргенi туралы мәлiмдедi.

intel-santa-clara1.jpg

Комиссия Intel корпорациясының Acer, Dell, Hewlett-Packard, Lenovo жэне NEC компанияларының Intel корпорациясы өнімдерiнiң барлығын немесе түгелге жуығын сатып алған жағдайда қомақты жеңiлдiктер бергенiн айтты. Сондай-ақ Intel кейбiр өндiрушiлерге AMD-ге негiзделген өнiмдердi кешiктiргенi үшiн, орнатпауға және орнату мен таратуга шектеу енгiзгенi үшiн төлем жасаған. Intel корпорациясы Германия, Бельгия және басқа да елдердегi Media Markt дүкендер желiсiнiң иесi Media Satnurn Holdings-ке тек Intel-ге негiзделген компьютерлердi сатуын сұрап, төлем жасап отырған.

Сот үкiмi бойынша Intel корпорациясы апелляцияға дейiн өз жұмысын дереу өзгертуге мiндеттелдi. Сонымен қатар компания банкке айыппұл төлеу үшiн кепiлдiк жазып беруге мiндеттелдi, бұл кепiлдiк апелляциялық процесс аяқталғанға дейiн банкте сақталуға тиiс.

Өз кезегiнде, Intel дереу сот шешiмiне қарсы шағымданды. Компания ешқашан компьютер өндiрушiлер мен бөлшек саудагерлердi ынталандырмағанын және мәжбүрлемегенiн, сонымен қатар AMD өнiмдерiнiң, Еуропа нарығына шығуын тежеу үшiн ешқашан төлем жасамағанын алға тартты. Дегенмен Intel корпорациясы жеңiлдiктер ұсынғанын мойындайды, бiрақ олар ешқашан AMD компаниясының өнiмдерiн шектеуге бағытталған өндiрушiлер мен бөлшек саудагерлердiң нақты әрекеттерiне қатысы жоқ екенiн алға тартты. 2014 жылдың маусым айында ЕО соты Intel корпорациясының шағымын керi қайтарды және компанияға қатысты сот шешiмiн өзгерткен жоқ.

Дереккөз: M. Hachman, «EU Hits Intel with $1.45 Billion Fine for Antitrust Violations», PCMAG.com, May 13, 2009; J.Kanter, «Europe Fines Intel $1.45 Billion in Antitrust Case», The New York Times, May 14, 2009; T. Fairless, «EU Court Upholds Record Fine against Intel», The Wall Street Journal, June 12, 2014.

Дайындаған: Аружан МЫРЗАТАЙ

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button