Жаңалық Редакция таңдауы

ЕҰУ-да топырақ механикасы және геотехника бойынша халықаралық конференция өтуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия – 2023» атты 17-ші Азия өңірлік конференциясының Төралқасы өз жұмысын бастады. Конференция 14-18 тамыз аралығында алғаш рет Қазақстан астанасы – Астанада өтеді, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім минстрлігінің баспасөз қызметі.

Осындай беделді форумда әлемнің 90 елінің ғалымдары Азиядағы геотехникалық қауіпсіздік пен құрылыс мәселелерін талқылайды.

Халықаралық геотехникалық қауымдастық (ISSMGE) Төралқасының мүшелерін ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Серік Мақыш құттықтады.

ISSMGE Board Meeting өтетін орын ретінде біздің университетті таңдағанына өте қуаныштымын, бұл гуманитарлық және техникалық ғылымдардың үйлесімі. Техникалық блок өкілдерінің бірі – Сәулет және құрылыс факультетіне орналасқан геотехникалық институт. Геотехникалық институт базасында ЕҰУ профессоры Асқар Жүсіпбеков басқаратын қазақстандық геотехникалық қауымдастық жұмыс істейді. Қазақстандық геотехникалық қауымдастық ЕҰУ базасында көптеген халықаралық геотехникалық конференциялар, соның ішінде 2016 жылы 8-ші Азия өңірлік жастар конференциясын ұйымдастырды. Азия, Еуропа, Америка, Австралия, Жаңа Зеландиядан келген әлемнің басқа геотехникалық қауымдастықтарымен өте тығыз байланыста. ЕҰУ 2013 жылы ISSMGE корпоративтік мүшесі болды, қазақстандық геотехникалық қауымдастықтың жас геотехниктері ISSMGE қорынан үнемі қолдау табады. Бұл орайда қазақстандық геотехникалық қауымдастықтың бастамашыл жобаларын қолдайтын ISSMGE Төралқасы басшыларының да еңбегі бар, – деп атап өтті Серік Мақыш.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры ISSMGE президенті Марк Баллоузға, ISSMGE Бас хатшысы Нейл Тейлорға және Азия бойынша ISSMGE вице-президенті Кех Джиян (Альберт) Шоуға Ғылыми кеңестің шешімімен берілген университеттің ең жоғары наградасы «Күлтегін» медалін табыс етті.

Серік Мақыш сонымен қатар 14-18 тамызда Астанада өтетін 17-ші Азия өңірлік геотехникалық конференция әлем университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және мегаполистер мен жаңа астаналардың іргетасын қалаудың күрделі міндеттерін шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Халықаралық геотехникалық қауымдастықтың (ISSMGE) президенті Марк Баллоуз атап өткендей, Астанада Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия бойынша 17-ші Азия өңірлік конференциясын өткізу халықаралық қауымдастық тарихындағы маңызды іс-шара болып табылады, өйткені Орталық Азия аймағы үлкен және оған теңгерімді түрде қарау керек.

Біз Қазақстан геотехникалық қауымдастығының (KGS) шақыруымен осындай үлкен конференция өткізіп жатырмыз. Мұндай ауқымды шараны өткізу үшін Астананың таңдалуы Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды аймақ болып табылатындығына және мұнда көптеген геотехникалық мәселелердің көп болуына байланысты: үлкен аумақ, сейсмикалық, жердің қатуы, еру, көшкін, т.б., сонымен қатар мұнда геотехникалық инженерия мәселесі ерекше өзекті. Қазақстан Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан, бұл Халықаралық геотехникалық қауымдастықтың (ISSMGE) көптеген мүшелерінің осында келуге деген ынтасын талап етті. Біз үшін бұл елдің аймақтық ерекшеліктерін, оның техникалық мәселелерін және оларды шешу жолдарын түсініп қана қоймай, оған геотехника саласында тәжірибесі мол Еуропа, АҚШ, Африка, Азия елдерін де тарту маңызды. Геотехника саласындағы майталман мамандар осы мәселелерді бірлесіп шешу үшін келді, – деді Марк Баллоуз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button