Жаңалық

Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің өмірлік қағидалары

Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукербергті технология әлемінің ашылуына әсер еткен тұлғалардың бірі ретінде қараймыз. Time журналы әлемдегі билігі жүріп тұрған 100 адамның тізімін жасаған. Осы тізімге Марк Цукерберг те енген және оның қазіргі жағдайы 34 миллиард долларға бағаланған. Бірақ жуырда атақты Марк өзінің қаражатының көпшілігін Эбола дертімен күресуге бөлгенін жариялады.

Цукербергтің Facebook желісін 2004 жылы ақпан айында Гарвард университетінің жатақханасындағы бөлмесінде жасағаны белгілі. Ал қазір бұл желіні әлемнің 800 миллионнан астам адамы пайдаланады. Time журналының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желінің қазіргі әлеуеті 200 миллиард долларды құрап тұр.

Біз сіздердің  назарларыңызға кәсіп саласына жәрдемін тигізуі ықтимал деп есептелетін 10 қағидасын ұсынып отырмыз.

1. «Жылдам өзгерістерге ұшырап жатқан әлемде құлдырамаудың алдын алатын, кепілдік берілген бір ғана жол бар. Ол – тәуекел етпеу».

2. «Мәселе біздің адамдар туралы не білгіміз келетінінде емес, олардың өздері туралы не айтқысы келетінінде».

3. «Мен Facebook-тің кодын жатақханадағы бөлмемде жасап, сол жерден нарыққа шығардым. Айына 85 доллар төлем, серверді жалға алдым. Ал шығындарымды сайтқа реклама орнаастыру арқылы түскен қаражат есебінен төледім. Біз әлі күнге дейін осы қағидамен жұмыс жасап келеміз».

4. «Сіздің есігіңіздің алдында өлгелі жатқан тиін, дәл қазіргі уақытта сіз үшін Африкада өлгелі жатқан адамнан маңыздырақ болуы мүмкін».

5. «Жылдам қимылда, бәрін айналдыр. Егер бәрін айналдыра алмасаң, онда сен жеткілікті жылдамдықта емессің».

6. «Қызық естілуі мүмкін, әрине. Бірақ мен бізді жете бағаламайтын адамдар арасында болғым келеді. Өйткені, оларды таң қалдыратын дүние жасаған сайын сенде әрі қарай қозғалуға деген құлшыныс пайда болады».

7. «Адам барлық саладан хабары бар данышпан болғанымен, егер ол өз-өзіне сенбесе, ол өз мүмкіндігін толық пайдалана алмайды».

8. «Адамдарға сен туарлы кинода не айтып жатқаны немесе өзіңнің не айтып жатқаның қызықсыз. Оларға сенің не істеп жатқаның қызықты».

9. «Егер сен бір аймақта жүрсең, дәл сол жерде жұмыс істеуің қажет деген қасаң қағида қалыптасып қалған. Бірақ бұл мүлде олай емес. Егер мен мансабымды қазір бастасам, мен Бостонда жұмыс жасаған болар едім. Дегенмен, ол жерде даму мүмкіндігі төмен. Ал бұл маған ұнамайды».

10. «Мен күн сайын өзіме сұрақ қоямын: Мен мүмкін дүниелердің ішіндегі ең маңыздысымен айналысып жатырмын ба? Егер өзім шеше алатын айтулы мәселемен айналысып жатқанымды түсінсем, жоғалтқан уақыттан ләззат аламын».

Міне, Марк Цукербергтің өмірге көзқарасын, ғұмырлық қағидасын, еңбексүйгіштігін жоғарыдағы сөздеріне қарап, анықтауға болады.

Жалпы адамдар туғанда бір дәрежеде болады. Ал өсе келе олардың жеке еңбектеріне қарай, ойлау жүйелеріне қарай дәрежелері әртүрлі бола бастайды.

Жетістік шыңында болу үшін айқын мақсат қойып, сол мақсатыңа жету үшін талмай еңбек ету керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button