Мақала

ФЕСТИВАЛЬ КҮНДЕЛІГІНЕН

«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалдық кешенінде өз жалғасын тапты.

Ұлы даладағы ұзандар көшін бастаған Қорқыт баба мәңгілік мекен тапқан өңірде «Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі» атты халықаралық шараға ұласты.

 

«Ұлттық ойындар», «Ұлттық қолөнер» секторларында шеберлер мастер кластары ұйымдастырылды. Талай ғасырлық тарихы бар қолөнер түрлерінен шеберлер киіз үйі дайындалған. Ағаш ұсталарының бұйымдарымен қатар былғарыдан, сүйектен, жүннен жасалған туындылар халық назарына ұсынылды.

 

Тігіссіз бешпенттер мен қамзолдардың сұлулығы көз тартарлық, ал мүйізден жасалған бұйымдардың жасалу әдісі қызығарлықтай.

«Қазақ музыкалық театр өнері» секторында этно-фольклорлы театрландырылған музыкалық қойылымдар қойылды.

 

Шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Әзірбайжан елдерінен және республиканың барлық өңірінің белсенді жастары, сонымен қатар жергілікті этно-өкілді және белсенді жастар барлығы 300-ге жуық жастар қатысты.

 

Бауырлас ел жастары алдағы уақытта бұл шараны жалғастыру туралы ұсыныстарын ортаға салып, түркі әлемін біріктіре түсетін басқа да бастамаларды бірлесе ұйымдастыру туралы ойларын жеткізді.

 

Қызылорда облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button