Жаңалық

FIBAA халықаралық аккредиттеуінен өткен алғашқы қазақ университеті

Халықаралық бизнес университеті (UIB) қандай да бір шарттарсыз 6 жылға FIBAA (Foundation for International Business Administration Accreditation) халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті. FIBAA аккредитациясы Еуропада және бүкіл әлемде жоғары сапалы білімнің белгісі ретінде танылғанын айта кету керек.

Халықаралық институционалдық аккредиттеу білім беру бағдарламаларының, білім беру инфрақұрылымының, түлектердің жұмысқа орналасуы, университеттік қауымдастықтың, қаржылық тұрақтылықтың, ғылыми зерттеулер мен жобалардың, студенттердің әлеуметтік өмірінің және UIB ұсынатын барлық білім беру қызметтерінің жоғары сапасын растайды.

«Еліміздің жоғары оқу орындары тек белгілі бір білім беру бағдарламалары бойынша ғана халықаралық аккредиттеуден өтетіні жалпыға мәлім. Біз кешенді институционалдық деңгейде аккредиттеуден өттік, яғни бұл дегеніміз – FIBAA агенттігі UIB университетін білім беру саласындағы мамандарды даярлау бойынша Еуропалық сапа стандарттарына (ESG) толық сәйкес келетін университет ретінде мойындайды. UIB білім сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастырады және қоғамның, студенттеріміздің, олардың ата-аналары мен жұмыс берушілердің жоғары талаптарын қанағаттандыруға тырысады», – деді UIB университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки.

UIB халықаралық аккредиттеуден өту рәсімін кезең-кезеңімен екі жыл ішінде жүзеге асырды:

  • Университетті дамытудың Жаңа стратегиясын қабылдау арқылы алдын-ала дайындық – еңбек нарығының сұранысына сәйкес жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске қосу, бизнес-үдерістері қайта құру, сапаның корпоративті мәдениетін енгізу, өзекті зерттеулер жүргізетін білікті оқытушылар құрамын жалдау;
  • ESG сәйкес университет профилі мен қызметінің барлық аспектілері туралы егжей-тегжейлі баяндамасын қалыптастыру – стратегияны, ішкі сапа кепілдігі жүйесін, білім беру бағдарламалары мен қызметтерді, соның ішінде олардың цифрландыру деңгейін, оқыту мен оқу әдістерін, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды бағалау және университет қызметін сүйемелдейтін үдерістер мен қолда бар ресурстарды іске асыру;
  • Сапаны қамтамасыз етудегі ЖОО қызметі жайлы мәлімделген аспектілеріне сәйкестігін анықтау, сондай-ақ жоғары оқу орнының үздік тәжірибесін анықтау мақсатында барлық стейкхолдерлерді (студенттер, профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер және ЖОО қызметкерлерін) сұхбат жүргізу арқылы сыртқы бағалау үшін сарапшылар тобының сапары;
  • FIBAA аккредиттеу комитетінің шешім қабылдауы: сараптама тобының есебіндегі қорытынды нәтижелер бойынша ЖОО-ның қызметін талдау, бағалау және шешім шығару.

UIB осы күрделі жолдан өткенін және еуропалық стандарттарға сәйкестігін мойындауға қол жеткізгенін мақтан тұтады. FIBAA аккредитациясы UIB университетіне студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласында белсенді жұмыс істеуге, бірлескен және қос диплом бағдарламаларын құруға, сондай-ақ шетелдік серіктестермен халықаралық ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, UIB түлектері өздерінің кәсіби біліктіліктері мен дипломдарын Еуропада, одан әрі жұмысқа орналастыру немесе білімін жалғастыру мүмкіндігімен шетелде таныла алады.

Университетте халықаралық аккредиттеу туралы сертификаттың болуы, талапкерлер мен олардың ата-аналары жоғары оқу орнын таңдау тұрғысынан қарағанда да маңызды, өйткені олар міндетті түрде келесі сұрақтарға тап болады: Қай университетке түсуге болады? Олардың дипломдары нарықта бағалана ма? Аккредитациясы жоқ универсиетке баруым керек пе? Егер сіз жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі жағдайында сапалы білім мен жоғары санаттағы қызмет алғыңыз келсе, онда мұндай университетке оқуға түсуіңіздің қажеті жоқ.

Бүгінгі таңда, UIB нарықта болашақ қажеттіліктерге сәйкес түлектің құзыреттілігі мен дағдыларын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру бағдарламаларының жаңа буынын ұсынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button